Польшадағы президент сайлауы: экзит-пол нәтижелері жарияланды

Польшадағы президенттік сайлаудың екінші турында Варшава мэрі, "Азаматтық коалиция" партиясының кандидаты Рафал Тшасковский алда келеді. Бұл туралы TVP Info телеарнасы Ipsos жүргізген экзит-пол нәтижелеріне сілтеме жасап жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауалнама деректеріне сәйкес, Тшасковский сайлаушылардың 50,3% қолдауына ие болған. Оның басты қарсыласы – оппозициялық "Құқық және әділет" партиясының төрағасы Карол Навроцкий 40,7% дауыс жинады.

Сайлаудың нақты қорытындылары 2 маусым күні таңертең жарияланады деп күтілуде.

Еске салайық, Польшада президент сайлауының бірінші туры 18 мамырда өтті. Онда ең көп дауыс жинаған Тшасковский мен Навроцкий екінші турға жолдама алған еді.

Сайлауалды науқан кезінде, 30 мамырда, Польша Премьер-министрі Дональд Туск ел азаматтарын Тшасковскийге дауыс беруге шақырып, оны "Польшаның нағыз патриоттары үшін айқын таңдау" деп атаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы