Польшада құс тұмауынан 40 мыңға жуық тауық қырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Люблинскте құс тұмауының таралғаны расталды. Фермаларда 40 мыңға жуық құс қырылып қалған.

Польшаның Люблинск және Великопольск қалаларында құс тұмауы тарап жатыр. Бұл туралы екі аймақтың бас ветеринар дәрігерлері хабарлады. 

Укринформ таратқан ақпаратқа сүйенсек, Люблинсктің мал дәрігері Павел Пьотровськтің айтуынша, аймақта құс тұмауы төртінші рет орын алып отыр. Төрт фермада барлығы 40 000 құс өліп қалған.

Великопольсктегі фермалардың бірінде 65 000 тауық болған. Бұл фермада да құс тұмауы тіркелген. Аймақтың мал дәрігері Анджей Жарнецькойдың айтуынша, қазір өңірдегі 31 құс фермасы тексеріліп жатыр. 

Екі аймақта ауру ошағының айналасынан 10 шақырымдық бақылау зонасы қойылды.

Айта кетсек, 2 қаңтарда Польшада құс тұмауы тарап жатыр деген ақпарат тараған болатын. Еуропадағы ең ірі құс өндіруші ел – Польша. Бұл мемлекетте соңғы рет құс тұмауы 2017 жылы тіркелген болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы