13 Мамыр 2024 2024, 01:24 Фото: agenzianova.com

Польшада ірі сауда орталығы өртенді

Варшавада ірі сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Варшавада ірі сауда орталығы өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Nova Agency агенттігінің мәліметінше, оқиға орнына өрт сөндірушілер жетіп, жалынды ауыздықтауға атсалысып жатыр.

Кешеннен шыққан қалың қара түтінге байланысты аудан тұрғындарына терезелерін жабуға кеңес берілді. Өрт сөндірушілердің айтуынша, "кешеннің 80 пайыздан астамы өртеніп жатыр", ал өртті сөндіру үшін "шамамен 50 техника" жұмыс істеуде.

Зардап шеккен адамдар туралы ақпарат жоқ.