Польшада Huawei бөлімшесінің директоры ұсталды
Алматы, baq.kz. Варшавада Қытай пайдасы үшін тыңшылық жасады деген күдікпен Huawei концерн бөлімшесінің директоры мен Польшаның Ішкі қауіпсіздік Агенттігінің(ABW) бұрынғы қызметкері ұсталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Күдіктілердің үйінде және Huawei компаниясы мен Orange фирмасында тергеу жүргізіліп, құжаттар тәркіленген. Ұсталғандардың екеуі де өз кінәларын мойындамаған әрі жауап беруден бас тартқан.
Польшалық телеарналардың дерегінше, ABW-дің экс-қызметкері бұл құрылымда 2011 жылға дейін қызмет еткен және телеақпараттық қауіпсіздік ісі жөніндегі департамент басшысының орынбасары болған. Сонымен қатар, арнайы қызмет басшысының кеңесшісі болған екен. Қызметі барысында ол үкіметтік байланыс жүйесі қызметінің мәліметтеріне рұқсаты болған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысында мал ұрлайтын бірнеше топ ұсталды
Өзгелердің жаңалығы