Польшада Қазақстан азаматы қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Польша полициясының қазақстандық дипломаттарға берген ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қарашасында Катовице қаласында трамвай қағып кету салдарынан 2000 жылы туған Қазақстан азаматы қаза тапты. Ол Катовице Экономика университетінің студенті болған.
Қазіргі уақытта марқұмның жақын туыстарымен байланыс орнатылды, оларға виза алуға барынша көмек көрсетілуде, оның денесін елге жіберу үшін жерлеу бюросымен келіссөздер жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы