Польша өз жеріндегі АҚШ әскерилері санын көбейтуге келісім берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ пен Польша әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат Құрама Штаттардың Польшадағы күшін ұлғайтып, оның осы елдегі позициясын нығайтуға бағытталған.
Дәлірек айтсақ, Польшадағы американ сарбаздарының саны тағы 1 мыңға арттырылып, АҚШ-тың 5-жаяу әскер корпусын қайта жасақтамақ. Қазір поляк жерінде 5 мыңға жуық американдық жауынгер бар.
Польша президенті Анджей Дуданың айтуынша, екі елдің әскери ынтымақтастығы Еуропаның қауіпсіздігін күшейтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауа райы: Қазақстанның барлық өңірінде ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы