Польша Беларусьпен арадағы шекарада 5 метрлік қабырға салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша билігі Беларусьпен арадағы шекарада биіктігі бес метрге жететін дуалдың құрылысын аяқтады. Бұл туралы Польша Премьер-Министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеме жасаған.

Дуал жанынан көлікке арналған жол салынған. Қоршаудың үстіне тікенді сым орнатылған.

Елдің шекара күзеті оны салуға 49 мың тонна болат пайдаланылғанын жариялады. Енді дуалды электронды қауіпсіздік жүйелерімен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар оның әр жеріне  2,5 мың бақылау камерасы орнатылмақ.

Қаңтарда елдің шекара күзеті 25 қаңтардан бастап поляк-беларусь шекарасында осындай дуал салынатынын хабарлаған еді. Қоршауды салу туралы келісім-шарт шамамен 160 миллион долларға жасалды. Қаражат Польша бюджетінен бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы