Полицияның "мигалкасын" қосып алып той тойлатқандар ұсталды

Түркістан облысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында той кортежінде жол ережесін сақтамаған және рұқсат етілмейтін қызыл-көк түсті маяк орнатып алған екі көліктің бейнежазбасы анықталды. Олар тіпті мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз трассада емін-еркін жүрген.

Құқық бұзушылық Қазығұрт ауданында болған. ВАЗ 21015 көлігі анықталып, оның жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК 590-бабы 2-бөлігі, 603-бабы 2-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Жүргізуші кінәсін толық мойындады. Ал бейнежазбадағы екінші Lada Granta көлігін басқарған шымкенттік тұрғынның жеке басы анықталып, тәртіп сақшыларымен іздестіру жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы