Полицияның дәстүрлі және сервистік моделінің айырмашылығы қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.

Полицияның дәстүрлі моделінде үнемі қылмыспен күреседі, белгілі бір құқық бұзуға әсер етеді. Негізгі көрсеткіш ашылған қылмыстар мен қанша адамның қамауға алынғанына бағытталған. Ал сервистік модельдің негізгі миссиясы -қауіпсіздікті сақтау және адамдардың сенімін арттыру. Ол клиенттерге бағытталған жұмысқа негізделген. Оперативтілік жұмыс дегеніміз – қауіпсіздіктің алдын алу, - деді ол.

Қожаев атағандай, сервистік модельде тек қылмысты ашуға ғана емес, азаматтардың сеніміне ерекше көңіл бөлінеді.

Жергілікті полиция қызметі тек статистикалық деректер мен ашылған құқық бұзуларға көбірек көңіл бөледі. Сервистік модель басқа, қылмыстардың алдын алуға аса көңіл бөлуді көздейді. Полиция қызметкерлерінің санасын өзгерту керек, - деді Қожаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы