Полицияны цифрландыру қалай жүріп жатыр?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы Әділ Сәрсенов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Әділ Сәрсенов атап өткендей, Мемлекет басшысының ІІМ-нің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырмасы негізінде қандай жобалар іске асырылып жатқанын айтты. 

«Кілем жабыны» - бұл өңірлік жедел басқару орталықтарының бейнебақылау жүйесіне бөгде бейнекамераларды интеграциялау.Қазіргі уақытта еліміз бойынша әртүрлі меншік нысанындағы 687 мыңнан астам бейнебақылау камералары бар, олардың 145 мыңға жуығы аумақтық бөлімшелердің ЖБО-ға енгізілген.«Жаппай бейнебақылау» -полиция органдарының, арнайы мекемелердің және қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінің қызметтік кабинеттерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыруды білдіреді, - деді ол. 

Сәрсенов атағандай, қазір полицияның қызметтік кабинеттері мен арнайы мекемелерде 18 мыңнан астам бейнекамера орнатылған. 

«Цифрлық полицей» - бұл полиция қызметкерлерін оқиғаларды онлайн трансляциялау арқылы бейнетіркегіштермен және құқық қорғау органдарының арнайы дерекқорлары мен ақпараттық жүйелеріне қосылған планшеттік құрылғылармен жарақтандыру.Бүгінде сыртқы қызмет полицейлері 100% қызметтік планшеттермен жабдықталған. Онлайн трансляциясы бар бейнетіркегішті және GPS бақылауды енгізу жобасы апробация сатысында және 150 бейнетіркегіште тестілік режимде жұмыс істейді.Құқыққа қайшы әрекеттер немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде полицияны шұғыл шақыруға арналған «SOS түймелері». Қазір елімізде осындай құрылғылардың 114 бірлігі орнатылған, - деді ол. 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы