Полицияның сервистік модельге көшуі не береді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы Айдар Сайтбеков министрліктің дәстүрлі брифингінде полиция жұмысын сервистік модельге көшіру туралы айтып берді.
ЕЫҚҰ-мен бірлесіп, құқықтық саясаттың зерттеу орталығында сервистік полиция моделінің халықаралық тәжірибесі терең зерттелді. Халықаралық тәжірибе бойынша, бар аймақта адамдардың қауіпсіздігіне жауап беру керек. Қазір ондай модель Қарағанды мен Қарағанды облысында тестіленіп жатыр. Қазыбек би ауданы аймағында сервистік модельге көшу жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның ресми қызметі өткен жылы басталды. Онда әкімдіктер мен денсаулық сақтау, білім беру, жастар саясаты, полиция мен прокуратура, қоғам өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрылды, - деді ол.
Ол атап өткендей, пилоттық жобаны жүзеге асыру БҰҰ ДБ-ның қызығушылығын оятып, халықаралық сарапшыны жіберуге түрткі болған.
Пилоттық жоба 5 кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде пилоттық жобаның жоспары жасақталды. Өңірдің барлық статистикасы жинақталды. Сауалнамаға 5 мың адам қатысты. Бұл өте ауқымды жұмыс. Пилоттық жоба аймағында 18 проблемалық мәселен шешу бойынша ұсыным әзірленді. Топ мүшелері оны жүзеге асырып жатыр, - деді Сайтбеков.
Ол атағандай, қазан айының соңында жобаның нәтижелері бойынша таныстырылым жасалады.
Сондай-ақ, осы жылы тағы бір пилоттық жобаны елорданың бір ауданында жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы