Полицияға ерікті түрде 18 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырылды
Бұл туралы «Заңсыз сақталған қаруды сатып алу акциясының қорытындысы туралы» брифинг барысында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ 2012 жылдан бастап жыл сайын халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша акция өткізеді.
Мұндай акциялар барысында жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 56 мыңнан астам бірлік атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде сатып алынады. Нәтижесінде қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың саны екі есеге азайды, - деді Қару айналымын бақылау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов
Акция осы жылы 10 сәуірден басталды. Оны өткізуге республикалық бюджеттен 88 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Бүгінгі күні полицияға ерікті түрде жалпы сомасы 84 млн болатын, 1181 бірлік қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі тапсырылды.
Саяжан Құдайберген
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мектеп кітапханашысы қанша айлық алады?
Өзгелердің жаңалығы