Полициядан лайфхак: телефон алаяқтықтарынан сақтану жолдары

Алматы, BAQ.KZ. Полициядағылар алаяқ адамдардың туысыңыз болып қоңырау шалып, ақша жіберуіңізді өтінгенде не істеу қажеттігін айтты. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.


Телефон арқылы сөйлескенде алаяқ адам туысқаны болып танысады және қылмыс жасағаны үшін полиция қызметкерлерінің ұстап алғанын айтады (ЖКО, есірткіні сақтау, дене жарақаты). Содан кейін полиция қызметкері әңгімеге араласады. Ол, белгілі бір ақша сомасын алып келген жағдайда туысын босатып, барлық мәселені шешетінін айтады. Ақшаны кез келген телефон нөміріне немесе электрондық әмиянға аудару керектігін жеткізеді.

 Қауіпсіздік шаралары:
 Егер, сізге жақын туысыңыз немесе досыңыз белгісіз нөмір арқылы хабарласқан болса, онда сіздің әрекетіңіз:

 - өзіңіздің туысқаныңызға екеуіңізде жауабын білетін сұрақты қойыңыз;

 - құқық қорғау органының қызметкерінен туысыңызды қай басқармаға немесе бөлімге алып келгенін сұраңыз;

 - 02 нөмірін теріңіз және ПБ немесе ПБ-нің кезекші бөлімінің нөмірін біліп алып, Сіздің туысыңыздың келіп түскенін және бұл іспен кімнің айналысатынын кезекшіден сұрап алыңыз;

- егер Сіз қоңырау шалған туысыңыздан немесе айтылған фактілерден күдіктенсеңіз, туысыңыздың ұялы телефон нөміріне қайта хабарласып көріңіз. Егер ол өшірулі болса, қосымша ақпарат алу үшін оның достары мен әріптестеріне хабарласыңыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы