Полиция жүргізушілерге көліктерін жол бойында қалдырмауды ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті жүргізушілерге жолдың жүретін бөлігін қардан тазарту кезінде көлік құралдарын жолдың бойына қоймауды ескертеді, деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
Дұрыс қойылмаған көлік қар жинау техникасына кедергі жасайды. Тәртіп сақшылары көлік тұрағы мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Белгіленбеген орындарда тұрған көлік құралдары эвакуаторлардың көмегімен айып тұрағына жеткізіледі, - делінген хабарламада.Айта кетейік, өткен тәулікте 70-тен астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 1 адам дене жарақатын алды.
Елордалық полиция департаменті ауа-райының нашарлауына және температураның төмендеуіне байланысты жолдарда барынша қырағы болуларыңызды сұрайды. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді қар түрінде жауын-шашынның түсуіне байланысты жолдардағы жағдайдың күрделенуі туралы ескертеді. Қолайсыз ауа райының көлік жүргізу мәнеріне тікелей әсер етеді. Қардың жаууы көлік құралын басқаруды айтарлықтай қиындататып, апаттар туындау ықтималдығы артатынын еске саламыз.
Құрметті жүргізушілер, жол жүру ережелерін сақтаңыздар, ауа-райының күрделі жағдайларында сақ болыңыз. Жылдамдықты асырмауға, қашықтықты сақтауға, жол белгілерінің нұсқамаларын орындауға және күрт маневрлерді болдырмауға, қысқы кезеңде тозған және "жазғы" резеңкеде жүруге жол бермеу туралы ерекше назар аудару қажет, - делінген тартылған ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы