Полиция заңсыз сақталған 1460 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәрі тапқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Әділов Санжар Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Тек ұрланған қаруды ғана емес, сондай-ақ заңсыз сақтаудағы және тіркелмеген қарудың барлық түрін табу мен алып қою бойынша жедел іс-шаралар белсенді жалғасуда. Қабылданған шаралардың арқасында бүгінгі таңда полицейлер қарудың 1460 бірлігі мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, алып қойды, - деді ол.
Әділов айтқандай, жақында Тараз қаласының тұрғындарынан 6 АКМ автоматы алып қойылды, оның ішінде біреуі гранаталармен ату үшін жабдықталған, бұдан басқа 4 жабдықталған оқжатар, дыбыссыз ату құралымен бар Макаров тапаншасы мен тегіс ұңғылы мылтық алып қойылды, олар Жамбыл облысы Полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған.
Сондай-ақ 7 қаңтарда Алматы-Ташкент автожолының бекетінде полиция қызметкерлері «Субару» автокөлігін тоқтатып, оның ішінде 10 бірлік аңшы мылтығын, бір пневматикалық тапанша және аңшылық керек-жарақтарын тапты.Жамбыл облысы тұрғындары болып табылатын жүргізушінің және оның жолаушыларының Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында аңшы дүкенін тонауға қатысқаны анықталды, - деді ол.
Әділовтың айтуынша, бес күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.