Полиция қызметкерлері жеке үйлерді аралап жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен және 60-тан астам еріктілермен бірлесіп жеке үйлерді аралауда, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.
Іс-шара өрт қауіпсіздігін алдын-алу, құқық бұзушылық пен қылмыстарды алдын алып, жолын кесу, сондай-ақ, халық арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілуде."Сарыарқа" ауданы ПБ қызметкерлері 1 күннің ішінде 260-қа жуық жеке үйлерді аралап шығып, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасының талаптарын түсіндірді, - делінген ақпаратта.Полиция қызметкерлері барлық тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, жылыту пештері арқылы уланудан және жазатайым оқиғаларды алдын-алу үшін қауіпсіз пайдалану, бөтен біреудің мүлкін ұрлауды алдын-алу бойынша жадынамаларды таратты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы полициясы автобуста жасөспірімді ұрған адамды ұстады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы