Елордада велосипедшілерді жол ережелерін сақтауға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда қалада велосипед жолының жалпы ұзындығы 54 шақырымды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Велосипед маусымының басталуына орай жол ережелерін түсіндіру бойынша Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы брифинг өткізді. 

«14 жастан асқан велосипедшілердің қозғалысы арнайы велосипед жолымен, серуен жолымен немесе арнайы бағанды жолақпен жүзеге асырылуы керек. Жаяу жүргіншілер жолдарындағы қозғалыс арнайы жолақтар болмаған жағдайда немесе олардың бойымен жүру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ жолдың оң жақ шетінде немесе жол шетінде жүру мүмкін болмаған жағдайда рұқсат етіледі», - деді ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Бақыт Құрманғалиев.

Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер өткелінде велосипедші көлігін жетектеп алып өтуі тиіс.

«Елордада велосипедшілер саны жылдан-жылға артып келеді. Мен барлық автокөлік иелерін бір-бірін және велосипедшіні құрметтеуге, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырамын. Велосипед те жол қозғалысына қатысушы көлік», - деді №6 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Нұржан Әубәкіров. 

Бүгінгі таңда қалада велосипед жолының жалпы ұзындығы 54 шақырымды құрайды.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы