Полиция тәулік ішінде үш есірткі зертханасын жойды
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ІІМ қызметкерінің айтуы бойынша, ұсталған күдіктілер– екі ер адам мен бір әйел.
Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағанды құтқарушылары қар құрсауында қалғандарға көмекке келді
Келесі жаңалық
Қазақстан ЭЫҰ төрағалығының негізгі бағыттарын белгіледі
Өзгелердің жаңалығы