Полиция Талғардағы оқиғаның толық видеосын жариялады
Алматы облысының аймақтық коммуникациялар қызметінің алаңында Талғар ауданында жасалған қылмыстың тергелу жағдайына арналған баспасөз конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қонаев қаласында өтіп жатқан конференция барысында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар ауданындағы қылмыстың тергеу барысымен таныстырды.
Еске сала кетейік, 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірім қаза тапқан болатын. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат сатып алушымен арада шиеленіс туындаған кезде әкесінің дүкенінде оған көмектесіп жатқан.
Алматы облысының Полиция департаменті "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Жасөспірім өлімі туралы істі прокуратура да ерекше бақылауға алды.
Жасөспірім өлімі туралы істі ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеке бақылауына алды. Ал дүкеннің кіреберісіне Шерзаттың суреті ілініп, тұрғындар гүл шоқтарын қойған еді. Бүгін сол дүкен қабырғасына марқұм Шерзат бейнеленген плакат ілінді.
Ал бүгін өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін Талғар қаласының әкімі Бахыт Күрішбеков пен оның орынбасары Матан Сағындық қызметінен босатылды.