Полиция су тасқынынан қорғау шараларына белсенді қатысып жатыр
Ақтөбе облысының елді-мекендерінде полиция су тасқынынан қорғау шараларына белсенді қатысып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еріген қар суымен бірге екі күннен бері жауған жаңбырдың салдарынан, облыс аумағында бірнеше ауылды су басты. Әсіресе, Темір, Байғанин, Қобда, Мұғалжар аудандары зардап шегеді.
Полицейлер мен құтқарушылар ауыл тұрғындарымен бірлесіп, ағын су бағытын бұру және бөгеу шараларын тәулік бойы атқаруда.
Мысалы, Ембі қалалық полиция бөлімшесінің жеке құрамы тәулік бойы Мұғалжар ауданының Жағабұлақ ауылын су тасқынынан қорғау шараларына қатысуда. Ауылды еріген қар суынан қорғау жұмыстарына полиция бөлімінің 25 қызметкері жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы