Полиция: Елорданың кейбір көшесінде «Сергек» өшірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция Тұран даңғылында қозғалыс жабылғаннан кейін «Сергек» камераларының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сәйкес, Қабанбай батыр даңғылындағы Керей-Жәнібек Хандар көшесінен Қарқаралы айналма жолына дейін қоғамдық көлік жолақтарында қозғалысты қадағалауға арналған «Сергек» жүйесі өшіріледі. 

Сонымен бірге, Тұран даңғылындағы көлік қозғалысы жабылғаннан кейінгі жағдайды зерттей келе, Қабанбай батыр даңғылының Достық көшесінен екі бағытта Қарқаралы айналма бағытындағы автобус жолақтарындағы қозғалысты бекітуді тоқтатуға шешім қабылданды. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы Тұран даңғылы мен Ұлы Дала көшесі қиылысында жөндеу жұмыстары кезеңінде жоғарыда аталған учаскеде қоғамдық көліктің белгіленген жолақтарында автомобиль қозғалысының мүмкіндігі туралы хабарлайды, - делінген таратылған ақпаратта.

Сондай-ақ, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Тұран даңғылында Сығанақ көшесінен бастап Керей Жәнібек хандары, сондай-ақ Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін максималды жылдамдық 80 км/сағ-тан 60 км/сағ-қа дейін азайтылды. Мұнда жылдамдықты бұзуды Сергек жүйесі тіркейтін болады.

Айта кетейік, бұл өзгертулер жұмыс аяқталғанға дейін және Тұран даңғылында қозғалыс ашылғанға дейін уақытша күшінде болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы