Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды

Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ақпан айында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істейтін болады. СҚО полицейлері мүдделі органдармен бірлесіп аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтар бойынша рейдтерге кірісті. Мақсаты – табиғи ресурстарды браконьерлік пайдалану, аң және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу. 

Қазіргі уақытта тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын атап өтеміз. Осы қыста жануарлардың көші-қонының өзгерген жолдары облыста көптеген еліктердің пайда болуына әкелді. 3 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен көзделген қылмыстық жауапкершілік төнетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз, - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев. 

Сондай-ақ, СҚО ПД қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, жолдарда да еліктердің пайда болуы мүмкін екенін еске салады. 30 қаңтарда сағат кешкі 18:00 шамасында елік Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағына бет алған. Жануар қаланың ішінде адасып кеткен, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жергілікті тұрғындар бұл туралы “102” арнасына хабарлады. 

Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында елікті ұстады. Содан кейін аңшылар жануарды орманға апарып, табиғи ортасына жіберді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы