Полиция қызметкері өз өмірін қатерге тіге отырып бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

1 наурыз күні таңғы уақытта Ақтөбе облысындағы Байғанин ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Әділ-ҚаҺар Кәдіров жұмысқа бара жатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сол уақытта көршісінің үйінен қалың түтін шыққанын көреді. Жедел әрекет етіп, шырт ұйқыда жатқан үй иесін оятып, кәмелетке толмаған үш баланы сыртқа алып шығады. Ең кішкентай 5 жасар баланы алып келе жатып түтінге тұншығып есінен танып калған.

Осы уақытта өрт сөндірушілер мен дәрігерлер келіп көмектескен. Полиция қызметкері шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ержүрек тәртіп сақшысының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы