Полиция қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызмет көрсету органына айналуы тиіс – Жиенбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Ержан Жиенбаев «Полиция жұмысының қазақстандық сервистік моделі: перспективалары және Даму стратегиясы» халықаралық құқықтық форум барысында айтты.
Қазақстандық полицияның сервистік модельге өтуі - құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың ең басты бағытының бірі. Жаңғыртуды жүзеге асыру қазіргі заманғы жағдайда дәстүрлі форматта жұмыс істеу бұрынғыдай тиімсіздігі есебінен қолға алынды. Бұл орайда Мемлекет басшысы өз Жолдауында трансформацияның бағыттарын анықтап берді. Полицияның образы мемлекеттік күштік құрылымнан біртіндеп артта қалып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсететін органға айналуы керек, - деді Жиенбаев.
Ол атағандай, өзара қоғаммен бірлесе жұмыс істеу модельге сәйкес келмей отыр.
Жағдайды өзгерту үшін екі пилоттық жоба қосылды. Олар өзара байланысты және ішкі, сыртқы бағыттағы мәселелерді шешеді. Бүгін жобалардың маңыздылығын талқылаймыз. Жаңа ұсыныстар сервистік модельді одан әрі жетілдіре түседі деп ойлаймыз, - деді Ержан Жиенбаев.