Полиция қауіпсіздік белдіктерін қолданудың маңыздылығын еске салды

Полиция қауіпсіздік белдіктерін қолданудың маңыздылығын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жол қозғалысының кейбір қатысушылары денсаулығымыз бен өмірімізді сақтауға көмектесетін қауіпсіздік белдіктерін тағудың маңыздылығын толық түсінбейді. Қауіпсіздік белдігі қауіпсіз жүрудің ең қарапайым және тиімді жүйелерінің бірі және соқтығысу кезінде өлім қаупін 90%-ға дейін төмендетеді.

Павлодар өңірінде жыл басынан бері жол жүру ережелерінде көзделген жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін шамамен 6542 азамат жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов. 

Мәселен, Павлодар қаласында Сәтбаев көшесінде Toyota автокөлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпаған. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Полиция азаматтарға жол ережелерін қатаң сақтау, жолда сергек және мұқият болу туралы ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы