Полиция Қапшағай су қоймасын ластау дерегін анықтады
Алматы облысының табиғатты қорғау полициясы Қапшағай су қоймасының ластану фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жағалау аймағының тұрғыны су қоймасына мотор майын төккен. Аталған дерекке қатысты материалдар одан әрі қаралып, тәртіп бұзушыға қатысты шара қолдану үшін экология департаментіне жолданды.
Құқық бұзушы 160 АЕК-ге дейiнгi мөлшерде айыппұл төлеуі немесе 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарды атқаруы немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы мүмкін.
Полиция су айдындарын ластаудың қоршаған ортаға үлкен зиян келтіріп, ауыр зардаптарға әкелетінін ескертеді. Тұрғындарды кез келген экологиялық құқық бұзушылықтарға қатысты фактілер туралы хабарлауға шақырамыз, - делінген ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде құс етінің өндірісі 9,4% артты
Өзгелердің жаңалығы