Полиция қаңтарда ұрланған 340 млн теңгенің мүлкін тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Қазіргі уақытта полиция органдары құны 340 млн теңгеден астам сомаға бағаланатын азаматтарымыздың ұрланған мүлкін анықтап, тәркіледі. Ұрланған қаруды алу үшін іздеу бойынша белсенді жұмыс жалғасуда, өйткені бұл қарулар халықтың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндіреді, сондай-ақ ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған кезде қолданылуы мүмкін, - деді ол.
Әділов атағандай, бүгінгі таңда қабылданған шаралар нәтижесінде еліміздің полицейлері 1 430 бірлік қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тауып, тәркіледі.
Тәркіленгендердің ішінде 323 тапанша, 148 автомат, 195 травматикалық тапанша, 9 гранатомет, 69 бірлік арнайы қару, 8 мылтық, 6 пулемет және басқа қару түрлері бар, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы