Полиция Перизат Қайрат отырған изолятордан видео жариялады
Астана қаласының Полиция департаменті Перизат Қайраттың сот отырысында айтқан шағымына қатысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол тергеу изоляторында (СИЗО) өзіне күш қолданылғанын, нақтырақ айтқанда, қызметкер камераның есігін әдейі жауып, қолын қысып, дене жарақатын келтіргенін айтқан болатын.
Перизат Қайраттың айтуынша, тергеу изоляторының қызметкері камера есігін қатты жауып, оның қолын қысып қалған. Салдарынан денсаулығына зиян келген.
Аталған шағым бойынша материалдар полицияға жолданып, досудебтік тергеу басталған.
Тергеу аясында:
- бейнебақылау жазбалары қаралды;
- Изолятор қызметкерлері мен куәгерлерден жауап алынды.
- Алдын ала мәлімет бойынша, видеожазбада Қайраттың шағымында көрсетілген сәтте күш қолдану белгілері тіркелмеген.
Полицияның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қосымша сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, кеше Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды. Сот процесінде айыпталушы өзін тергеу изоляторларының қызметкерлері соққыға жыққанын айтты.
Сондай-ақ атышулы іс бойынша сот процесінің қандай форматта өтетіні белгілі болды.