Полиция мен ҰҚК жеті өңірде ауқымды арнайы операция жүргізеді

Ұлттық қауіпсіздік комитеті республиканың жеті өңірінде қылмыстық топтарды ұстау бойынша арнайы операция бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құрамына деструктивті діни ағымды ұстанушылар кіретін қылмыстық топтардың жолын кесу бойынша операция бастады, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

Өткізілген операциялардың нәтижесі жақын арада жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы