Полиция мен күзетшілер ер адамды үсіп қалудан құтқарды
Рудныйдың 62 жастағы тұрғыны жұбайымен жанжалдасып, саяжайға кетіп қалған. Алайда 1,5 шақырым жүргеннен кейін қар құрсауында қалып қойған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кешқұрым күзетшілер аумақты бақылап жүріп адам іздерін аңғарған.
Іздерді көріп, "ұрылар" екен деп ойладық. Алайда, от жағып жылынып отырған адамның үстінен түстік, - дейді күзетшілердің бірі.
Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Оспанов пен Асхат Алдешов жеткен. Ер адам астматик және қатты суықтан аяқтары тартылған.
Біз Рудный тұрғынын жылыту үшін көліктің чехолына жатқызып, қызметтік көлікке дейін сүйреттік, - деп атап өтті Серік Успанов.
Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғыс білдірді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы колледж студенттерінің 70%-ы тегін оқиды
Өзгелердің жаңалығы