Полиция мас күйінде көлік жүргізген 22 мыңнан астам жүргізушіні анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 9 айында мас жүргізушілер тарапынан 342 жол-көлік оқиғасы орын алып, 64 адам қаза тапты және 493 адам жарақат алды, деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Бейбіт өмірде мас күйінде көлік басқарған жауапсыз жүргізушілер кінәсінен жолдарда адамдар қаза тауып жатыр. Оларды ақтауға жатпайды. Сондықтан осындай заң бұзушылықтар мен қылмыстар үшін олардың салдарларының ауырлығына теңбе-тең жаза болуы тиіс, - деді ІІМ қызмет басшыларымен өткізген кеңесінде министр Ерлан Тұғымбаев.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін және жолдарда күнделікті патрульдеуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстың нәтижесінде көптеген ЖКО-ға жол берілмеді.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген 22 мыңнан астам жүргізушіне анықтады. Олардың 17 мыңнан астамы автокөлікті басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жүргізушілік құқығынан айырылған әрі мас күйде болған 1 878 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге статистика көрсетіп отырғандай, қолданыстағы әкімшілік жазалар жүргізушілердің тәртібіне қажетті деңгейде әсер етпейтінін және ЖКО санының төмендемей отырғанын байқатады, - делінген таратылған ақпаратта.Мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаны қатаңдату барлық жол қозғалысына қатысушылардың, жүргізушілердің де, жолаушылардың да, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен, депутаттық корпуспен, жұртшылықпен келісілетін тиісті ұсыныстар дайындалуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы