Полиция көпірден секірмек болған адамды құтқарып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда өзін өлімге қимақ болған мас тұрғынды полицейлер дер кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

Айнабұлақ ықшам ауданында қызмет етіп жүрген тергеуші Елжас Каллимуланов, учаскелік полиция инспекторы Елдос Құдайберген және патрульдік полиция қызметкері Бекжан Әміртаевтан тұратын “Фотон-6” түнгі іздеу тобының бригадасына Солтүстік шеңбер, “Ялян” базарына қарама-қарсы, 40-44 жастағы белгісіз ер адам көпірдің шетінде отырғандығы және төменге секіргісі келетіндігі, осылайша, өз-өзіне қол жұмсамақ болып тұрғандығы жайлы хабар келді. 

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері хабарламаны растады. Олар дереу ер адаммен сөйлесе бастады, оны осы ойынан айнытуға тырысты. Әңгіме барысында өз-өзіне қол жұмсағысы келген адамның сөзінен оның мас екендігі белгілі болды. 

Мен жағдайдың өзгеріп жатқанын және біздің батыл әрекет етуіміз керек екендігін түсіндім. Біз бірден “Б” жоспарына көштік. Әріптесіміз, полицей Құдайберген онымен сөйлесіп жатқан кезде, полицей Әміртаев екеуміз көпірге әр түрлі жағынан көтеріліп, ер адамға байқатпай жақындай бастадық. Ол көпірдің артында тұрып, “Буран-168” патрульдік экипажындағы әріптесімізге мастықпен өз ренішін айқайлап айта бастады. Менің бұйрығым бойынша Бекжан жақындай түсті де, бір сәтте ер адамға ұмтылды. Ол ештеңені аңғарып үлгермеді, содан кейін мен екінші қолын ұстап, оны қауіпсіз жерге көтердім, – дейді Бостандық аудандық ПБ ОКП-ның жедел уәкілі Елжас Каллимуланов.

Полицияның өздері атап өткендей, олар бұл әрекетті ерлік деп санамайды, бұл олардың жұмысының бір бөлігі ғана.

Қызметте кез келген жағдай болуы мүмкін, кейбіреулер өздерін өлтіремін деп қорқытады, нашақорлар бізді көргенде терезеге шығады… Алдымен біз құтқаруымыз керек, содан кейін залалсыздандыруымыз керек, – деді полицей.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы