Полиция интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты
Павлодар облысының полициясы телефон және интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жергілікті тауар өндірушілермен жасалған келісімнің арқасында алаяқтардан қалай сақтануға болатыны жазылған жазба азық-түлік өнімдерінде пайда болды.
Бұл жазбаларда алаяқтардың ықтимал әрекеттері туралы ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыс жүргізілуде және әрі қарай жалғастырылатын болады, – деді Павлодар қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Павлодарлықтар полицейлердің тапқырлығын жоғары бағалады.
Тауар сатып алғанда жазбасына мұқият қараңыздар. Сақтық шаралары толық жазылған. Мұндай ескертулер, әрине, қажет, – деді тұрғындардың бірі.
Ескертулері бар жадынамалар “полицияның қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында қала дүкендеріне де орнатылған. ІІМ қазақстандықтарды қырағы болуға шақырады. Бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, банк картасы туралы ақпаратты және мобильді қосымшалардың парольдерін бермеңіздер!