Полиция бір аптада 12 адам өлімін әшкереледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.
Бір апта ішінде 2621 қылмыс жасалды, оның 1729 тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 12 кісі өлтіруді, 6 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 3 қарақшылық, 4 тонау және 431 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деді модератор Шұғыла Тұрлыбек.
Сонымен қатар ол полиция қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін айтты.
Қызметтік борышын орындаумен қатар, барлық өңірде полицейлер өз қамқорлығындағылармен кездесіп, оларды құттықтады. Мәселен, Маңғыстау облысында тәртіп сақшылары полиция есебінде тұрған әйелдің отбасына көмек көрсетті.Ал Шымкент қаласының полицейлері қиын өмірлік жағдайға тап болған көп балалы отбасына сыйлықтар табыстады.Қызылорда полицейлері облыстық психикалық денсаулық орталығының пациенттерімен кездесу өткізіп, есірткі заттарының теріс әсері туралы айтты.Алматы және Түркістан облыстық полиция департаменттерінің қызметкерлері балалар үйіне, сондай-ақ, қарттар үйіне барып, сыйлықтар табыс етті, - деді ол.