Полиция қарасора егістігінің көзін жойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері есірткі өсірген және сақтаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады Polisia.kz.


Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сақтау жайтын анықтап, жергілікті тұрғынның үйінен табылған қарасора егістігін жойды. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданының тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен өсімдік тектес есірткі заты бар пакет табылды.
Сонымен қатар, жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде оның бақшасынан қарасораға ұқсас төрт түп есірткі затын тапты. Полиция қызметкерлері айғақты зат ретінде алынған есірткілерді сараптамаға жіберді. Сараптама қорытындысына сәйкес, олар жалпы салмағы 550 гр асатын “кептірілген марихуана” және “қарасора” түптері болып шықты, - делінген ақпаратта. 

Бұл жайт Бәйдібек аудандық ПБ-не ҚР ҚК-нің екі бабы: 296-бап “Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз қолдану” және 300-бап “Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің үйінде есірткіні қандай мақсатпен сақтағанын және өсіргенін анықтауда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы