Полиция Алматыдағы күзетші әйелге қол көтерген курьерді іздестіріп жатыр

Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде жеткізу қызметінің курьеры ескерту жасағаны үшін күзетші әйелге қол көтерді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны екі рет ұрған, алдымен бетінен шапалақпен, кейін күртесінен ұстап, қаттырақ соққы берген. Әйел дереу ауысымдағы аға күзетшіні шақырып, жедел жәрдем мен полицияға хабарлаған. Дәрігерлер оған тігіс салған.

Зардап шегуші полицияға арыз түсірді. Тексеру барысында курьер мінген мопед басқа адамға тиесілі екені анықталды.

Дене жарақаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәліні жауапқа тартуға бағытталған жедел шаралар жүргізілуде. Курьердің тұлғасы анықталды, оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр, – деді полиция.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы