Полицияға таяқшаны қайтару керек – сенаторлар
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Георгий Ким жол полициясына таяқшаны қайтаруды сұрады. Премьер-министрдің атына тиісті сауалды сенаторлар жолдады.
«Бұл сауалға біздің депутаттардың өңірлердегі кездесулері, бұқаралық ақпарат құралдарына жасалған мониторинг пен статистика негіз болды. Статистикаға сәйкес, жол-патруль қызметкерлерін қағып кету оқиғалары тіркелген. Осыған орай, тек жол қозғалысын реттеу үшін таяқшаны пайдалану мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз», - деді депутаттар атынан сауалды оқыған Георгий Ким.
Атап өтсек, Қазақстан полициясы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметтерінде таяқшаны пайдаланбайды.
Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Әкімшілігі әлеуметтік саясатты қатаң бақылауға алады
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы