Полицейлерге жала жапқан ақмолалыққа қатысты тергеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полицейлердің атына жалған ақпарат таратқан ақмолалыққа қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

10 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында интернет әлеуметтік желісін пайдаланушылардың бірінің парақшасында төтенше жағдай кезеңінде полиция қызметкерлеріне қатысты жалған ақпарат тарату фактісі анықталды. Жарияланымның авторы – Бурабай ауданының 57 жастағы тұрғынына қатысты 274-баптың 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, - делінген хабарламада. 

Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 274-бабына сәйкес төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы