22 Қыркүйек 2026, 15:01
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Полицейлердің зейнетақысы енді өспей ме? – ІІМ жауабы
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетақысын индекстеу тоқтатылуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, қазір бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ.
Біз өз ұстанымымызды білдірдік: қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі барлық қызметкердің көңілінен шығады, олардың жағдайын нашарлатуға болмайды. Осыдан кейін мәселе күн тәртібінен алынды. Ал одан кейін тараған ақпараттың бәрі – жалған. Әлеуметтік желілердегі ақпаратты тексерген кезде кейбір сөз қолданыстарынан мұны жазғандар құқық қорғау органдарының қызметкерлері емес екенін анық байқадық, – дейді Игорь Лепеха үкіметтен соң өткен брифингте.