Полицейлер тұрғындардан тіркелмеген қару-жарақ тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысында 15-19 тамыз аралығында “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз сақталған атыс қаруын анықтау және қаруды пайдалана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу. 

Бұл күндері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау және заңсыз айналымнан шығару, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұдан басқа, ұрланған азаматтық атыс қаруын іздестіру, АДБ есебінде тұрған қару иелерін анықтау, сондай-ақ оларды жауапкершілікке тарта отырып қару тәркіленуде. Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге сала кетсек. 

Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу нәтижесінде облыстың криминалдық полиция қызметкерлері заңсыз сақталған 3 атыс қаруын, оның ішінде бір ойық және екі тегіс ұңғылы атыс қаруын, сондай-ақ ойық қарудың 22 патронын тәркіледі. 

Шаруа қожалықтарының бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданы Верх-Уба ауылының 41 жастағы тұрғынының заңсыз сақталған атыс қаруының фактісін анықтады, одан “ИЖ-17”, 16 калибрлі тегіс ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ер адам мылтықтың марқұм ағасынан қалғанын айтқан. Тағы бір фактіні Глубокое ауданының ПБ қызметкерлері анықтады, онда Глубокое кентінің 32 жастағы тұрғыны үйінің жатын бөлмесінде 20 калибрлі “ИЖ-К” тегіс ұңғылы аңшылық мылтығын жасырған. 

Тексеру кезінде ІІМ базасы бойынша алынған барлық мылтықтар “Криминалдық қару” ретінде тіркелмегені анықталды. 

Жоғарыда аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігі (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы).

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы