Полицейлер Теміртауда өткен футбол турнирінде төбелеске қатысушыларды іздестіруде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Полицейлер Теміртауда Наурыз мерекесіне арналған шағын футбол турнирінде төбелескен адамдарды іздестіруде.

Турнир ұйымдастырушылары полицияға бұқаралық шара өтетінін туралы  және оқиға болғаннын кейін де хабар бермеген.

Тelegram арналарының бірінде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында шағын футбол барысында екі команданың ойыншылары арасында жанжал туындаған видео тарағаны анықталды, – деп хабарлады облыстың полиция департаментінен.

Іс Теміртау полициясында тіркелген. Қызметкерлер оқиғаға қатысушыларды  және мән-жайды анықтайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы