Полицейлер шетелдік спортшының жоғалған телефонын тауып берді

Тайландтық спортшы жарыс кезінде ұялы телефонын жоғалтып алған екен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, гаджетті табуға ақмолалық полицейлер көмектесті.

Оқиға Бурабай курорттық кентінде болды. Биатлоннан әлем чемпионатына қатысушы белгісіз жағдайда ұялы телефонын жоғалтып алып, полицейлерден көмек сұраған. 

Жарты сағат ішінде жедел уәкілдер осы күні шетелдік спортшы болған орындарды пысықтап, жарысты ұйымдастырушылармен және басқа қатысушылармен сұхбаттасты. 

Ұялы телефон Тайланд делегациясының тұрғылықты жеріне жақын жерден табылды. Биатлоншы гаджетті түсіріп алып, аңғармаған. 

Спортшы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы