Полицейлер Польша мемлекетінен келген туристерге көмек көрсетті
Полицейлер Польша мемлекетінен келген туристерге көмек көрсетті. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
16 желтоқсан күні Қызылорда облысы Төретам кентіне Польша мемлекетінен Өзбекстан Республикасына велосипедпен туристік сапармен кетіп бара жатырған Польша елінің азаматтарына күннің суық болуына аталған бағытқа қарай жетулеріне көмек көрсетілді.
Польша елінің 5 азаматы Төретам кентіне келіп, кенттен велосипед арқылы Өзбекстан Республикасына қарай бармақшы болған, алайда күннің суық болуына байланысты олар жолға шыға алмай Төретам кентінде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлерінен көмек сұраған, - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері шетелдіктерге көрші елге қалай жетуге болатынын айтып, велосипедтерімен бірге автобусқа отырғызып көмек көрсеткен. Олар өз кезегінде полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.