Полицейлер Павлодардағы интернет аялаяғын ұстады

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда OLX.kz сайты арқылы халықты арбап, оңай олжа тауып жүрген интернет алаяғы ұсталды. 24 жастағы әйел енді 4 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Петропавл полициясына 2 әйел интернет алаяқтарының арбауына түсіп қалғаны жайында шағымданған. Олар OLX.kz сайтындағы жарнама арқылы пәтер жалдамақ болған. Телефон тұтқасының ар жағындағы әйел пәтерді көргісі келетіндер көп екендігін айтып, «Qiwi-әмиян» арқылы алдын-ала төлем жасауға ұсыныс білдірген. WhatsApp мессенджері арқылы басқа адамдардың жеке куәлігінің суретін жіберген. Келісілген соманы қола түсіргеннен кейін телефонын өшіріп, байланысқа шықпай қойған.

Тергеу амалдары барысында тәртіп сақшылары алаяқтың Павлодар қаласында тұратын 24 жастағй әйел екендігін анықтаған.

«Мұндай алаяқтықтардың сан-алуын түрі бар. Көбінде арбаушылар жұртты тауардың немесе қызметтің төмен бағасымен қызықтырады. Келісімді жедел жүзеге асыру мақсатында түрлі сылтау, себептер ойлап табады. Ондағы мақсат – адамға ойлануға мұрша бермей, тезірек қармағына түсіру. «Тиімді ұсыныстан айрылып қаласыз» деп асықтырады. Сондықтан Интернет арқылы сауда жасаған кезде өте мұқият және абай болу қажет», - дейді СҚО ПД Қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

   Эльмира Кәленова
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы