Полицейлер Өскемен әуежайын қоршауға алды

Өскеменде полиция қызметкерлері күдік тудырған сөмкеге байланысты әуежайды қоршауға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Өскеменде күдік тудырған сөмкеге орай әуежай қоршауға алынды.

Қалалық ПБ полиция қызметкерлері әуежай тұрағын патрульдеу барысында күдікті қара сөмкені тапқан. Сигналды алғаннан кейін мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына барды. Тексеру нәтижелері бойынша қандай да бір қауіпті зат табылған жоқ, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы