Полицейлер не үшін есірткі сатумен айналысады? – ІІМ басшысы жауап берді
Полицейлер не үшін есірткі сатумен айналысады? Бұл сұраққа Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы ведомство басшысына полицейлер не үшін есірткі сататынын сұраған еді. Министр депутаттың сұрағына жауап берді.
Қылмыскерлер олар сатқындар деп айттым. Олай болмауы керек. ... (полицейлердің – ред.) жалақысы бар, бәрі бар. Басқалары да жұмыс істеп жатыр. Менің ойымша, бұл жерде полиция қызметкері өзінің антына сай болуы керек. Бұл жерде тек қана сатқындық, басқа мәселе жоқ, - деп жауап берді Ержан Сәденов.
Биылдың өзінде 11 құқық қорғау қызметкері есірткі заттарын сатқаны және сақтағаны үшін ұсталған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ-нің жоспары Асхат Аймағамбетовтің сынына қалды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы