Полицейлер мен Ұлттық Ұлан сарбаздары Құлсарыда эвакуациялау және қоғамдық тәртіпті қадағалауда

Полицейлер мен Ұлттық Ұлан сарбаздары Құлсарыда эвакуациялау және қоғамдық тәртіпті қадағалауда, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Көшқалиев басшылығымен департаменттің 50 қызметкері және Жылыой аудандық ІІБ-нің жеке құрамы Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерді эвакуациялау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына кірісті, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ұлттық Ұланның 75 қызметкері Құлсары қаласындағы тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіру, қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларына көмектесуде.

Құлсары қаласындағы тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында 6 сәуір күні Департаменттің тағы 30 қызметкері мен Ұлттық ұланның 80 сарбазын жөнелтіледі деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы