Полицейлер Леди Гаганың концертінде жоспарланған шабуылдың алдын алды

Бразилияның құқық қорғау органдары Рио-де-Жанейродағы әйгілі әнші Леди Гаганың концертінде жоспарланған шабуылдың алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ CNN Brazil-ге сілтеме жасап.

Полиция экстремистік топқа қатысы бар екі күдіктіні – ересек ер адам мен жасөспірімді ұстады. Тергеу деректеріне сәйкес, олар интернет арқылы зорлық-зомбылық пен жеккөрушілікке үндейтін материалдар таратқан. Аталған топ әлеуметтік желілерде жаңа мүшелерді, оның ішінде кәмелетке толмағандарды да, террористік әрекеттерге тартуға тырысқан.

Басылымның мәліметінше, ер адам қылмыстық ұйым жетекшісі ретінде танылып, атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін қамауға алынды. Ал жасөспірім концертке қастандық жасауға қатысы бары және балалар порнографиясын сақтағаны үшін ұсталды.

Қазір Бразилия полициясы топтың басқа мүшелерін анықтау және қылмыстық желіні толық жою бағытында тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы