Полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен оқушыны құтқарды
Арқалықта полицейлер көпірден өзенге құлап кеткен мектеп оқушысын құтқарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
102 пультіне жас қыздың суға құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына автопатрульдің екі экипажы жедел түрде жетті.
Полиция қызметкерлері Әміржан Тобылбаев пен Дүйсенбай Сәбитбеков құтқару құралдарын пайдаланып, бірден суға секірді. Оны жағаға шығарғаннан кейін Руслан Капсаматов қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Полицейлер жәбірленушіні жедел медициналық жәрдемнің мамандарына тапсырды. Ол гипотермия диагнозымен ауруханаға жатқызылды.
Кейінірек 16 жастағы мектеп оқушысы абайсызда суға құлап кеткені анықталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте шағын және орта бизнестің өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%
Келесі жаңалық
Елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан
Өзгелердің жаңалығы