Полицейлер бұдан былай халықпен тұрақты кездесіп тұрады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордалық полицейлер азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық мәселесіне ерекше көңіл бөледі.

Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара ынтымақтастық арқасында ғана қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселесін тиімді шешуге болады. Бұл ретте Қызылорда қалалық Полиция басқармасының және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары тұрақты түрде халықпен кездесіп, олардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, тұрғындар мәселелерінің шешімін табуға тырысады.

Мәселен, 2020 жылдың маусым айында Шиелі ауданы Полиция бөлімінің бастығы Дәулет Беркімбаев аудан көлеміндегі елді-мекендердегі криминогендік ахуалды бақылау мақсатында Шиелі ауданы, Жиделі-арық және Нартай Бекежанов ауылының тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында тұрғындар мен учаскелік полиция инспекторларының арасындағы қарым- қатынастары, отбасы-тұрмыстық жағдайлардың, қылмыстар туралы, қылмысқа бейім адамдардың жүріс тұрыстары туралы айтылды. Аудан көлеміндегі қылмыстылықтың жағдайы, оның ішінде мал ұрлығына қатысты жауапкершіліктің күшейтілгендігі, сонымен қатар қаруды тіркеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында Қызылордада полицияның ерікті көмекшілері қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысып, мал ұрлығы қылмыстарының ашылуына өз үлестерін қосып жатқандығы туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, бөлім бастығы полиция жұмысын жаңғырту, жаңа сатыға көтеру, азаматтардың құқығын қорғайтын тәртіп сақшысының имиджін қалыптастыру, сонымен қатар, тәртіп сақшылары мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру полиция қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыратынын алға тартты. Ауыл тұрғындары бөлім бастығы Дәулет Беркімбаевқа өткізілген кездесу үшін алғыстарын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы